Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы прокуратурасы 2,5 млрд. теңгеден астам алимент өндірілгенін айтты

07:54, 09 ақпан 2024 280
Алматы қалалық прокуратурасы 2023 жылы 1 мың жұмыссыз алимент төлеушілерді есепке алды, олардың ішінде 657 жұмысқа тұрғызылғаны хабарлады.

«Яндекс.GO» қосымшасы арқылы жолаушы тасымалдау қызметімен айныласатын, жасырын табыс көзі бар, алимент төлеуден қашып жүрген борышкерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, 150-ден астам борышкер айқындалды.

2023 жылы прокуратураның үйлестіруімен алимент төлеу бойынша міндеттерін орындамайтын, 14 борышкерге қатысты қылмыстық істер тіркеліп, олардың ішінен 5 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде 9 қылмыстық іс бар.

Сонымен қатар алимент өндіру бойынша сот  шешімін орындамаған 112 борышкер, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы прокуратурасының 2023 жылғы шараларымен 16 мың бала алдындағы, 2,5 млрд. теңгеден астам алимент бойынша қарыздар төленді.

Фото: Pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар