7 мамыр күні Алматы облысының Түрксіб ауданында теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Alash.KZ порталы хабарлады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға сағат 20:52-де Сарыөзек-Алматы бағытындағы жүк пойызының машинисі жағымсыз иіске шағымданғаннан кейін анықталған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұталардың арасынан 49 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Тексеру барысында оның құжаттары табылып, денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады.
Өлімнің себебін анықтау үшін мәйіт қалалық мәйітханаға жеткізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция тарапынан қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.