15 мамырға қараған түні Алматыдан 50 шақырым жерді жол апаты болып, бір отбасы мүшелері қаза тапты, деп хабарлады ALASH.KZ порталы.
Zakon.kz порталының жазуынша, Daewoo автокөлігі белгісіз себептермен қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Басқаруға келмей жолл жиегіне ұшқан. Кейін жазық даладағы ағаш діңіне соғылған.
Көлік қатты соққыдан мыжылып, одан әрі далаға қарай бірнеше рет аударылған. Көлік салонында алты адам болған: ерлі-зайыпты және олардың бір жасар баласы. Тағы үш жолаушы жарақат алды. Олар жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр.
Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, Алматы облысының анықтаушылары жұмыс істеді.
Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылағандай, жол апаты "Алматы – Жандосов-Бесмойнақ" тас жолының 53-шақырымында болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, онда тап болған кедергіден аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында жүргізуші мен оның екі жолаушысы қайтыс болды. Түрлі жарақат алған тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілді", – деп түсіндірді полициядағылар.
Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.