Алматы облысында оқушыларды мектепке таситын көлік оқушыны қағып өлтірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Алматы облысының Полиция департаменті өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"27 қарашада Іргелі селосы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің тұрағында JAC автобусының жүргізушісі артқа қарай жүріп келе жатып, 7 жасар баланы басып кетті. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты", - деп жазылған полицияның жауабында.