Кеше 16 сәуір күні Алматыда күні бойы дерлік нөсер жаңбыр жауып, соның салдарынан қалада су басу жағдайлары орын алды. Кейбір көшелерде үлкен шалшықтар пайда болып, жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірді. Жаңбыр бүгін де толастамай тұр, деп жазады Alash.KZ
Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде суға толған жолдардың видеоларын белсенді түрде жариялауда. Кадрлардан көліктердің көшелермен «жүзіп» жүргенін көруге болады, ал жаяу жүргіншілер әзілдеп, енді жүзу қанаттарын (ласт) сатып алу керек екенін айтып жатыр.
Әкімдік мәліметінше, қолайсыз ауа райы алдын ала белгілі болған, сондықтан коммуналдық қызметтер жұмысты күшейткен. Жұмысшылар саны арттырылып, қосымша арнайы техника шығарылған.
Ведомствоның хабарлауынша, 75 жедел бригада құрылған, онда 425 жол жұмысшысы жұмылдырылған, 2300 қап құм дайындалған. Жалпы тәулік ішінде жұмыстарға 2700-ден астам адам қатысуда.
«Алматы тазалық» коммуналдық қызметі мен мердігер ұйымдарда тәулік бойы кезекшілік енгізілген. Сондай-ақ құтқару қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Алдын ала мәлімет бойынша, су басу салдарынан зардап шеккендер жоқ.