Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алматы Арена", "Халық Арена" спорт кешендері мемлекетке қайтарылды

19:59, 14 қараша 2024 608

Алматы қаласындағы "Алматы Арена" және "Халық Арена" спорт нысандары жекеменшік иелерінен мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.

"Алматы қаласында коммуналдық меншікке "Халық Арена" және "Алматы Арена" нысандары қайтарылды. Бұған дейін олар МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) аясында жеке ұйымның басқаруына тегін пайдалануға берілген еді", - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров брифингте.

2017 жылы өткен Универсиаданы өткізу мақсатында салынған мұз айдындары 2019 жылы жекеменшікке берілді. Антикор спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Орталық деңгейде талдау туризм және спорт министрлігінің қызметіне, ал өңірлік деңгейде спорт және дене шынықтыру басқармаларының жұмысына қатысты жүргізілді.

"Атырау облысында 2018 жылы негізсіз жеке кәсіпкерге берілген Мұз сарайы спорт нысаны мемлекетке қайтарылды. Батыс Қазақстан облысында жеке ұйымның сенімгерлік басқаруындағы футбол алаңы бар стадион мемлекетке қайта өтті. Шымкентте жеті жыл бұрын 120 миллион теңгеге сатылған Мұз сарайы спорт кешенінің 67% үлесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - деді ресми өкіл. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар