Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші төмендеген

14:36, 12 наурыз 2024 354

Алматыда құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру және сауда салаларындағы көрсеткіштер төмендеген. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Қала әкімі Досаевтың айтуынша,оған сауданың төмендеуі себеп болған.

Құрылыс, тұрғын үйді пайдалануға беру және сауда бойынша төмен көрсеткіштер мына факторларға байланысты: сауданың төмендеуі ұзақ мерзімді тұтыну тауарларына, автомобильдер мен электронды техникаға сұраныстың азаюы мен көтерме сауданың 3 пайызға төмендеуіне байланысты. Дегенмен осы жылғы қаңтар-ақпанда 5,2 пайыз бола отырып, бөлшек сауданың өсуі жалғасуда, - дейді Алматы әкімі. 

Алайда ол мереке күндері сұраныс қалпына келетінін айтты. 

Ал құрылыс және тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің төмендеуі 2023 жылғы мамырда қабылданған Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарына және өткен жылдың 29 желтоқсанында бекітілген жаңа Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес үй салуға жаңа талаптар енгізуге байланысты. Мемлекет басшысының объектілердің сейсмикалық қауіпсіздігін күшейту, үйлерді тығыз салуға жол бермеу және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту, сондай-ақ Алматыны полицентрлі дамыту бойынша тапсырмаларын орындау шеңберінде Алматы қаласын дамыту жоспарында тұрғын үйді іске қосуды 2023 жылғы 2,5 млн шаршы метрден осы жылы 2 млн шаршы метрге дейін қысқарту қарастырылған, деді қала әкімі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар