Алматыда тағы да автобус апаты болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі бүгін таңғы 09:15-те Наурызбай ауданында жол-көлік оқиғасы болғанын мәлімдеді.
Жүк көлігінің жүргізушісі Ашимов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Шаляпин көшесінен солтүстікке қарай, аялдама кешенінде тоқтаған 137-ші маршруттық автобусқа соқтығысқан. Автобус инерциямен жол жиегіне шығып, жеке үйдің қоршауына соғылған.
Алдын ала деректер бойынша автобустың 9 жолаушысы зардап шеккен.
Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталуда.