Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда өлтірілген күзетшінің отбасына күдіктінің жақындары кешірім ретінде ақша ұсынған

18:02, 02 сәуір 2024 682

Алматыда өлтірілген күзетшінің отбасына күдіктінің жақындары ақша ұсынған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

«Айыбын жуып-шаймақ болып ақша ұсынды»,-деді марқұмның анасы.

Алматыда асқан қатыгездікпен өлтірілген күзетшінің отбасына күдіктінің жақындары ақша бермекші болған. Болған жайтқа өкінетінін айтып, кешірім сұрап келді дейді марқұмның туыстары. Бірақ олар кешірім бермейтінін айтып, кінәлі тараптан бірде-бір тиын алмаймыз деп отыр. Көлікпен үш рет таптағанымен қоймай, ес-түссіз жатқан күзетшіні тепкілеген қаскөйдің әкесінің сөзі ақша ұсынбақ түгілі, "ондай балам жоқ" дегенге саяды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар