Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда мопед ұрлап сатумен әдістенген жас жігіттердің тобы құрықталды

10:18, 12 мамыр 2024 584

Алматының тұрғын үй алаңдарында мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды. Жас жігіттерден құралған топ тұрғындардың шағын көліктеріне қырғидай тиіп, оны сатуға шығарған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Алматы қаласындағы полиция қызметі ұрлық-қарлық жағдайы жайды хабарлады: 

"Өткен мереке күндері біз екі топтың құрамында әрекет еткен 6 жас жігіттің мопед ұрлау әрекеттерін әшкереледік. Олар түнгі уақытта бөтен адамдардың мопедтерін ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынғанын алдын ала біле тұра, ұрланған тауарды алып отырған сатып алушы да ұсталды. Қылмысқа қатысы бар әрбір адамның әрекетіне тергеумен құқықтық баға берілетін болады", - деді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Ұрлықты әшкерелеу барысында Алматы полициясы екі доңғалақты көліктерді ұрлықтан қорғау жолдарын да ұсынады:

- көлікті кіреберісте қараусыз қалдырмаңыз;

-велосипедтерді, мопедтерді, самокаттарды, ұрлыққа қарсы құралдарды пайдалана отырып, бейнекамералармен жабдықталған орындарда тұраққа қойыңыз;

-ұрланған жағдайда дереу «102» пультіне хабарлаңыз;

-сондай-ақ, ұрланған мүлік туралы ақпаратты дайындау қажет: құжаттар, марка, түс, фотосуреттер, сериялық немесе басқа нөмірлік белгілер;

Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрестің бағыты - мопед, велосипед, самокаттар ұрлығының алдын алу.

Талдау көрсеткендей, көп жағдайда ұрлықтың бұл түрі кейбір азаматтардың өз мүлкіне ұқыпсыз қарауы, мопедтерін, велосипедтерін және самокаттарын қараусыз қалдыруы нәтижесінде жасалатыны нақтыланды. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар