Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы Қостанай бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды

16 мамыр 2024 224

Қостанай - Алматы бағытындағы ұшақта жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұшақ аспанға көтеріле берген кезде жолаушы өзін жаман сезінген. Сөйтіп ұшақ шұғыл түрде Астанаға қонды.

Әуекомпаниясының мәліметінше, жолсеріктер жолаушының жүрек соғысы мен тыныс алуын тексерген.Өкінішке қарай, жолаушы сол мезетте қайтыс болған. 

“Командирдің шешімімен жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының жолсеріктері әуежайға жеткенше жүрек-өкпе реанимациясын жасауды жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады. Әуекомпаниясы жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтады”, – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?