Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысындағы Үлкен ауылының тұрғындары АЭС құрылысы туралы пікірлерін айтты

19:56, 14 тамыз 2024 333

Алматы облысы, Үлкен ауылының тұрғындары АЭС құрылысы туралы пікірлерін айтты.
Қонаевта Қазақстанда атом электр станциясы салу турасында қоғамдық талқылау өтті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Тамыздың 14-інде Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған кездесуге сарапшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен Алматы облысының тұрғындары қатысты.
Атом электр станциясын салудағы басты қажеттілік – еліміздегі өзекті электр энергиясына тапшылық мәселесін шешу. Сарапшылар атом энергетикасын дамыту жоспары туралы егжей-тегжейлі баяндап, оның қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы және экономикалық тиімділігіне баса назар аударды.

Аймақ тұрғындары пікірталасқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған қауіпсіздік, экономика, экология мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды.

«Өркениеттің жетістіктерін тиімді пайдаланатын мемлекет қана дамып, алға жылжиды. Егер қуатты электр көзімен қамтамасыз етілмесе, ел дамудың жоғары деңгейіне жете алмайды. Экономиканы өркендету, өндірістер мен жаңа кәсіпорындарды іске қосу үшін бізге АЭС салу қажет. Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, заманауи технологияларды дұрыс пайдаланған жағдайда ғана біз жетістікке жетеміз», – деп түсіндірді Алматы облысы Семей полигоны мүгедектері мен ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Талғар ауданының Құрметті азаматы Нұрлыбай Мұсапиров.

Сарапшылар Қазақстандағы атом электр станцияларында МАГАТЭ-нің қатаң стандарттарына сәйкес келетін III және III+ буын реакторлары қолданылатынын алға тартты. Ең бастысы атом электр станцияларының экологиялық қауіпсіздігі және СО2 шығарындыларының ауаға тарамауы екенін баса айтты. Сондай-ақ мамандар қазір бүкіл әлемде қолданылатын радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеудің озық технологиялары туралы жан-жақты ақпарат берді.

«Үлкен Су» ӨК бас инженері Сергей Владимирович Третьяков атап өткендей, бұл шаралардың барлығы атом энергетикасын барынша қауіпсіз және экологиялық таза ету үшін қабылдануда. «Әлем өзгеруде, соған сай электр энергиясын тұтыну мөлшері де артуда. Ал 70-ші жылдары салынған электр станцияларымыз ескірген. Бізге тұрақты қуат қажет, ал атом энергетикасы — бұл қиындықтан алып шығатын жалғыз шешім. Иә, алаңдаушылық бар, бірақ қазіргі реакторлар қауіпсіз, ал Қазақстанның ауыр апаттарсыз атом технологияларымен жұмыс істеуде 57 жылдық тәжірибесі бар. АЭС арқылы таза энергия өндіріп, сыртқы шығындардан арыламыз және қосымша жұмыс орындары ашылып, халықтың тұрмысының жақсаруына жол ашылады. Үлкенде АЭС салу еліміздің ғылыми әлеуетін пайдалануға және толыққанды атом саласын құруға мүмкіндік береді», – деді.

Ары қарайғы сөзінде:

– Мен 1985 жылдан бері бұл құрылысты күтіп жүрмін. Бұл атом станциясы біздің балаларымыз және болашағымыз үшін керек деп есептеймін. Егер көрші ел бізге электрэнергиясын беруден бас тартса, онда жарықсыз қалу қаупіміз бар. Бұл еліміздің беделін атттыратын үлкен мүмкіндік. Қытайда АЭС бар, Өзбекстан құрылысын жүргізуде. Мен де ұрпағымның жарқын болашағын ойлай отырып, АЭС салу ісін қолдаймын, – деді ол.

Қоғамдық талқылау барысында АЭС салуы арқылы еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қалыптасып, жаңа жұмыс орындары ашылып, аралас салалардың дамуына жол ашылатыны айтылды.

Қазір атом электр станцияларына қызмет көрсету үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға ерекше назар аударылуда. Бұл туралы да сарапшылар жан-жақты айтып берді.

Алматы облысының тұрғындары қоғамдық талқылауда бейбіт атом энергетикасына қарсы еместігін білдірді. АЭС салу идеясын энергетика саласының ардагерлері де қолдап, энергетикалық дағдарыстан шығудың жалғыз шешімі осы екенін сенімділікпен жеткізді. Қоғам қайраткерлері АЭС қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыратынын, ал жастар жаңа технологиялардың дамуын атом энергетикасымен байланыстыратынын атап өтті.

Қонаевтағы жария талқылау қазақстандық қоғамның атом энергетикасын одан әрі дамытуға дайын екенін көрсетті. Жиналғандар еліміздің жаңа заманның, яғни атам энергетикасы дәуірінің табалдырығында тұрғанын, оны болашақ ұрпақ үшін енгізіп, дамыту аса қажет екенін алға тартып, жобаны бірауыздан қолдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар