Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы облысында тау курортын дамыту үшін меморандумға қол қойылды

17:07, 01 тамыз 2024 286

Табиғаттың лағыл - маржаны тоғысқан өлке, Алматы облысының туристік әлеуеті жоғары. Аймақтағы сұлулықты көзбен көруге келетіндердің саны жыл санап артып келеді. «eQonaq» жүйесінің мәліметі бойынша билығы жылдың соңғы алты айында 72 мыңнан астам турист келген.


Туристерді қызықтыратын басты жайт өңірдің климаты. Қоңыр салқын ауа-райында, шілденің шіліңгір ыстығында сезінуге болады. Сонымен қатар, облыстық туризм басқармасының мұрындық болуымен өткізілетін ауқымды шараларда көптің қызығушылығын арттыруда.
Атап айтқанда, 24-28 шілде күндері Жамбыл ауданында «Samal» фестивальі өтті. Шарға Орталық Азиядан 5000 мыңға жуық кәсіпкер қатысты. Бұдан бөлек, мамыр айында «Tengri Ultra» марафоны өткізіліп, 700 қатысушының басын біріктірді.
Бұл қатарда «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінің аумағында малазиялық «SUHAN MOVIES & TRADING Sdn Bhd» компанияның телесериалдың түсірілім жұмыстарын өткізуі облыстың көркем табиғатына көз тіккендердің қатарын арттырған жайы бар.
Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлының айтуынша, облысқа инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

«Биылғы жылы демалыс аймағы мен қонақ үй кешенін, сондай-ақ форель өсіретін тоған шаруашылығын салу бойынша жобалар жоспарланған. Сонымен қатар, тау курортын кеңейту үшін «Oi-Qaragai» инвестициялық тобымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды»,-дейді Қуанышбек Мирамбекұлы.


Айта кетейік, облыста туристік орындардың инфрақұрылымын жасарту жұмыстары жалғасын табуда. Туристерге қолайлы жағдай жасау, аймақтың туризм саласымен қоса экономикасына да елеулі әсер етпек. Өйткені, туризм- жергілікті экономиканың негізгі өсу драйвері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар