Ұлттық ақпарат кеңістігінде адамдарды қошқардың көмегімен емдейтін емшінің ауласында түсірілген бейне қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы @azattyq.ruhy парақшасына сілтеп.
Кадрлардан көріп отырғаныңыздай, әженің ауласында көптеген адамдар мен машиналар байқалады, ал қошқарлар емдік рәсім үшін кәдеге жараған. Емделуге келгендердің барлығын қошқанлардың астынан жорғалап өтеді.
"Егер сіз қошқардың астынан өтіп кете алсаңыз, онда барлық ауру-сырқауыңыз кетеді. Емделу үшін келген адамдардың қарасы қалың", - дейді бейнедерек авторлары.
Емшінің әрекеті, өзін-өзі ұстауы да желіде қызу талқыға түсіп, дау тудырды. Кадрларда ол жас қызды қошқардың астынан еңтелеп өтуге нығарлап: "егер сен бұған сенбесең, мұны байыпты, толық қабылдамасаң, Алла сені ұмытады" деген сөздер айтады.
Бұл емдеу әдісі қолданушыларды таңғалдырдырып, таңырқатты.
"Қандай да бір истерика", "қорқыныштан сауығып кетесің", "Масқара!", "Баранавирус", "жақсы бизнес, кім ойлап тапса да, басы қатты істейді екен", деп жазады қолданушылар.