Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алла сақтасын!": Бибосынов Айтжановтың артынан кете ме?

21:16, 18 тамыз 2024 344

Әлеуметтік желіде боксшы Сәкен Бибосыновтың Мырзағали Айтжановтың ізімен ұлттық құрамадан кететіні жайлы расталмаған ақпарат тарап жүр, деп жазды Alash.KZ Qaz365.kz сайтына сілтеме беріп. Аталмыш сайт әңгіменің анығын боксшының өзінен сұрап көрген. 

Боксшы журналистің сұрағына:

"Олай емес. Біреулер жаза береді. Адамдарға таңғалам. Алла сақтасын. Олай айтқан жоқпын. Оны менің атымнан біреулер шығарып жатыр. Адамдар қазір назарға түсу үшін не істемей жатыр!?" деген.

Боксшы желіде жүрген желбуаз сөзді солай жоққа шығарған.

"Мен ешкімге олай деп сұхбат бергем жоқ. Бес-алты адам маған сондай ақпаратты жіберіп жатыр, - дейді Бибосынов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?