Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлия Назарбаевадан сотта жауап алына ма?

05:37, 07 сәуір 2023 253


«ӨКМ Операторынан» 13 млрд теңгенің ұрлануына қатысты іс бойынша экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаевадан жауап алынуы мүмкін.



Қазір Байқоңыр ауданының №2 сотында алдын-ала тыңдаулар өтіп жатыр. Айып тағылғандар қатарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек және «ӨКМ Операторының» экс-бас директоры, Украина азаматы Светлана Коротенко бар. Олар «ӨКМ Операторы» ЖШС-де миллиардтаған ұрлық жасады деп айыпталып отыр.




Алдын ала тыңдалым кезінде адвокат Коротенко қосымша тергеу үшін қылмыстық істі қайтару туралы өтініш білдірді. Ақшаны жұмсау туралы шешім қабылдаған компанияның негізін қалаушы – экс-президенттің қызы екенін айтқан заңгер одан да жауап алынуы керек деген пікірде.
«Назарбаеваның осы іс бойынша тұтқындалған зауыты бар. Ол заңсыз ақшаға салынғандықтан тәркіленуі мүмкін. Ол (Назарбаева — ред.) біздің іс бойынша мүлде жоқ адам, статусы да жоқ. Біз одан бірнеше рет сұрадық. Ал оның мүлкі тәркіленді», — дейді адвокат.

Еске салайық, былтыр 1 сәуірде 13 миллиард теңгеден аса ақша жымқырды деген күдікпен «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы басқарушы директоры ұсталған болатын.

Антикор мәліметінше, қылмыстық іс-әрекеттер 2016-2019 жылдар кезеңінде «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалған.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық баға сот арқылы беріледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейтіні белгілі болды.

Ал 2022 жылғы 28 қаңтарда экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев мамандандырылған ауданаралық тергеу соты санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар