Әнші Әли Оқапов жұбайы Ақерке Бүркітбайға қымбат көлік сыйлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Бүгін бізде ерекше әрі ғажайып күн, өйткені бүгін менің жарыма су жаңа көлік сыйлаймыз. Бұл – тосын сый. Ол ештеңе білмейді. Бүкіл отбасым – анам, балам, бауырым бәрі осында. Әйелім мұндай сый-сияпатты қуана қабылдайды деп ойлаймын.
Кез келген нәрсенің сапасын уақыт көрсетеді. Екі жыл бұрын жанұямызға EXEED көлігін таңдап, әлі риза болып жүрміз. Сапа, дизайн, қызмет көрсету - үздік деңгейде. Дегенмен, жарым Ақеркенің көлігін ауыстыратын кез де келді. Бірақ осы жолы мен оны тосын сый ретінде сыйлағым келді. Қалай болғанын бірге көрейік! – деп жазды әнші.