Жанкүйерлер Домбыра күнін атап өтті. Балалар дәстүрлі аспапта ойнап, әртүрлі туындылар орындады. Алинұр мен Әлихан Амангелді мен Дәулет Исмаиловтар өз өнерлерін паш етіп,көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Испаниядағы қазақ диаспорасының өкілі Гүлнара Гульча қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарын ауыз тигізіп және ұлттық киімдерімен таныстырды.
Іс-шараның маңызы жайлы dimashnews.com порталында:
Шараға Димашқа арналған туындыларын ұсынған фан-арт суретшісі Хосе Бусон; Baqytty Bala 2023 жеңімпазы Люсия Касани; және La Voz Kids 2023 финалисті Жален Али сынды арнайы қонақтар да қатысты. Жас әншілер ән орындап, әдемі кешті жандандырды. Ал, кештің соңында орындалған нөмір көрермендерді ерекше қуанышқа бөледі. Димаш Құдайберген жанкүйерлерінің Мадридтегі кездесуі тек музыка мерекесі ғана емес, мәдениеттер бірлігінің символына айналды, деп жазылған.
Естеріңізге сала кетейік, 12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа «Аңыз» атты фильмін прокатқа шықты. Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «This Love» («Бұл махаббат») саундтрегі шырқалып, көрерменін қуанышқа бөлеген еді.