Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлемдік аренаға Димаштан асып түсетін шәкірт тәрбиелеймін - Айгүл Иманбаева

23 мамыр 2024 2914

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында өзінің Димаш Құдайбергеннен асып түсетін әншіні дайындаймын деп айтты. Бұл туралы Alash.kz мәлімдейді.

Әр адамның өз миссиясы бар екенін, және өзінің мақсаты Қазақстанға еңбегі сіңетін шәкірттерді тәрбиелеу екенін баяндады.

Кім қандай мақсатта оқып келетінін мен білмеймін. Жалпы менің мақсатым, қай жерде отырайын, қай жерде жүрейін маған өнер деген жолды Құдай маңдайыма аманат қып берді ма, мен осы жолда да қызмет ете аламын. Менің өзімнің АИ академиям бар, АИ театрым бар, мемлекеттік университетте АИ шеберханам бар. Мен істейтін жұмыс көп. Сол себепті де қазір мен жиып-теріп әкелген энергиямды да, ойымды да талан-таражға түсірмей, үйренгенімнің бәрін, жазатынын жазып келдім, соның бәрін шәкірттеріме беремін, - дейді әнші.

Әлемге танымал тұлғаларды дайындап шығатыны туралы да тілге тиек етті. 

Әр өнер адамының арқалап жүрген миссиясы бар, жолы бар. Менің миссиям – алдымда 500 шәкірт отыр, оқушысы бар, студенті бар, шәкірті бар, сол ұрпақтың өресі биік болуы, білімді болуы, талантты болуы. Оның нәтижесін Димаш көрсетті, яғни Димаштан асып түсетін, Димаштың деңгейінде жүретін қазақта өресі де биік, білім де жоғары талантты ұл-қыздары жетеді. Оларды жол көрсетіп тәрбиелейтін кім? Өресі бар, білімі бар, таланты бар ұстаз. Мен өзімді сол қатардан көремін, - деді Айгүл Иманбаева.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?