Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алдағы күндері қай өңірлерде қар жауып, үсіп жүреді?

20:40, 02 қыркүйек 2024 887

Қазгидромет мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде, шығысында кейбір уақыттарда нөсер жауып, 3 қыркүйек түнде елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түсіп, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады.

Сондай-ақ күндіз температураның біртіндеп төмендеуі болжанады: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар