Музыкалық шоудың ұйымдастырушыларының бірі Алмас Жалидың айтуынша, елдегі ең танымал оншақты шығармашылық жастар тобы мен орындаушылар келетін концерт жеке қаражатқа ұйымдастырылған.
"Қостанайдағы өнерпаздардың өнерін тамашалауға Қазақстанның көптеген қалаларынан мыңдаған жас келді. Бір айда 16 мың билет сатылды", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда жақын күндері ұлт ұстазы Ахаңның Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтой өтуі керек еді. Бірақ, Әулиекөл ауданыныдағы өрт себебінен аталмыш той өтпейтін болған еді.
Өрттен бір адам қайтыс болып, көптеген үйлер жанып кеткен. 2000-ға жуық адам көшірілген.
Енді заңды сұрақ туындайды. Өрт себебінен ұлт ұстазының тойы өтпей қалған Қостанайда неге 16 мың адамдың музыкалық шоу өтеді? Егер салғастырып қарар болсаңыз Ахаңның 150 жылдық тойы ел еңсесін көтерер мерейлі дата емес пе еді?
М.Әуелханұлы, Alash.kz