Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Алаңдағы ең үздік ойыншы!»: Дастан Сәтпаев туралы «Бернли» бас бапкері пікір білдірді

09:27, 30 тамыз 2026

«Бернли» бас бапкері қазақстандық Дастан Сәтпаевтың ойынына жоғары баға берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Чемпионшиптің үшінші туры аясында өткен «Норвичке» қарсы матчта (1:4) қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, толық 95 минут ойнады. Кездесуде «Бернли» ұтылғанына қарамастан, 18 жастағы футболшының өнері бас бапкер Ники Хайеннің ерекше ықыласына бөленді.

«Бүгін алаңдағы ең үздік ойыншы 18 жастағы Дастан болды. Оның команда үшін қалай күрескенін және қандай қуатты энергия әкелгенін көрдіңіздер. Бәрі де осындай ойын үлгісін көрсетуі тиіс», — деді Ники Хайен матчтан кейінгі мәлімдемесінде.

Бапкер сондай-ақ бұл қалыптасу үдерісі екенін және алдағы уақытта жағдайды оңтайландыруға уәде берді.

Flashscore порталы Сәтпаевтың ойынын 7,6 балға бағалаған, бұл — «Бернли» сапындағы ең жоғары көрсеткіш. Еске салсақ, бұған дейін Дастан «Вест Бромвичке» қарсы кездесудің 57-минутында резервтен шығып, командасы сапындағы дебютін жасаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар