Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алакөлде катер "оңдырмай қағып кеткен" әйел көз жұмды

Алакөлде катер "оңдырмай қағып кеткен" әйел көз жұмды

Абай облысындағы Алакөлде катер 63 жастағы әйелді қағып кетті. Амал нешік,  демалушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға жағалаудан 200-250 метр қашықтықта болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел қауіпсіздік аймағынан асып жүзіп кеткен. Бұл жайлы "Астана" телеарнасы жазды.

Катер жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен тергеу жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 2
  • 0
  • 2
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар