Танымал қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық жағдайына қатысты ашық жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ.
Ол өз сөзінде кәсіпқой спортшының балаларына деген көзқарасының күрт өзгергенін және отбасылық қарым-қатынастың қиындағанын жеткізді. Бұл туралы Bairaq Media ақпараттық порталы хабарлады.
Гүлайым Рахмонованың айтуынша, бұрын қамқорлық танытқан әкенің қысқа уақыт ішінде өзгеріп, өз перзенттерінен бас тартуы оған үлкен соққы болған. Қазіргі таңда төрт бала тәрбиелеп отырған және бесінші сәбиін күтудегі Гүлайым алдағы уақытта балаларын жалғыз аяққа тұрғызуға дайын екенін білдірді. Ол ажырасудан кейінгі жағдайдың балалар тағдырына кері әсер етіп жатқанына күйініш білдірді.
Жазбадағы автордың пікірі келесідей берілген:
«Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты... Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп, балаларын керек етпей қалады деп ешқашан ойламаған едім. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. Қызығы, мен өте көп туады екенмін. Не деймін? Әкесіне баласы керек болмаса, балаға да әкесі енді керек емес! Маған Алла балаларымды аяққа тұрғызу үшін күш-қуат берсін».
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов тарапынан бұл мәлімдемеге қатысты әзірге ресми жауап немесе пікір білдірілген жоқ.