Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әжетханада ұрып-соғудан қаза тапқан 8 сынып оқушысының сот ісі туралы сұмдық ақпарат шықты

09:35, 15 қаңтар 2025 413

Жамбыл облысында Байзақ ауданы Құмжота ауылында мектеп оқушысы Мирас Мәліктің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Alash.kz Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл көктемде 9-сынып оқушылары 8-сынып оқушыларын даладағы әжетханаға шақырып, ақша бопсалап, ұрып-соққан. Салдарынан 8 оқитын Мирастың жүрек ортасы жарылып кеткен.

Іс Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық отырыста қаралды.

Үш оқушы сотқа тартылды. Олар денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қылмыс жасауға итермелеу фактілері бойынша сотталды.

Екі жасөспірімге 6 жыл 8 ай жазасы берілсе, ал біреуі бір жылға шартты сотталды.

Марқұм баланың жақындары үкімді жеңіл деп санап, аппеляцияға бермек.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар