Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әжем екіқабат: 76 жастағы әйел бала көтерді

09:27, 28 қаңтар 2025 360

АҚШ-тан келген Мия есімді TikTok қолданушысы 76 жастағы өзінің әжесінің жүкті екенін білген сәтін бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Видеода дәрігермен болған әңгіме түсірілген, ол 40 миллионнан астам қаралым жинап, әжей желі жұлдызына айналды.

Кадрлардан дәрігердің әйелге талдау нәтижесін айтып жатқанын көруге болады:

“Біз сіздің талдауларыңызды алдық, және сіздің жүкті екеніңіз анық”, – деп  жаңалықты жеткізді дәрігер.

Ол әйелдің қазір жүктіліктің 12-аптасында екенін айтты.

Егер жүктілік сәтті өтсе, Мияның әжесі әлемдегі ең қарт ана атанады.

Осылайша, ол бұған дейін 73 жасында босанған үндістандық әйелдің рекордын жаңартуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар