Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйелдер 52,5 жастан бастап зейнетке шыға алады»: Тамара Дүйсенова мәлімдеме жасады

08:27, 20 тамыз 2022 289
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесінің қаралып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зейнетке шығу жасын қысқарту бойынша мен бұған дейін де бірнеше рет сұхбат бердім. 58 жасқа түсіруді талап етіп жатқан қоғам белсенділерімен кездестім. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша әйелдер зейнетақы жарнасы болса 52,5 жастан, ал егер 5 баласы болса 53 жасынан зейнетке шығуы мүмкін, - деді Тамара Дүйсенова «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында болған «Жедел желі» бағдарламасының эфирінде.

Сондай-ақ, министр зейнетке ерте шығуды талап етушілерге жағдайды тағы да түсіндірді.
Егер 58 жастан зейнетке шығамын деушілер болса, білесіздер, қазіргі таңда ынтымақтастырылған жүйеден төленетін зейнетақы көлемі азайып келеді. Себебі еңбек өтіліңіз аз. Егер еш жерде жұмыс істемеген азамат болса, оның зейнетақысы 24 мың теңге болады. Сондықтан қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Яғни әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетіп, ең аз зейнетақы алғанымыз жөн бе? Әлде оның көлемін арттыру маңызды ма?, - дейді ведомство басшысы.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар