Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әжеге арналған үздік 10 тілек. Апа, әжеге арналған тілектер

15:22, 27 қаңтар 2025 512

Қазақта әже, апа есімі қашан да құрметке ие. Біз өз тарапымыздан әжелер мен апаларға арналған үздік тілектерді ұсынып, топтастырдық.

* * *

Әже! Әулетіміздің ақылгері, жанымызды шуаққа бөлеген құрметті жан! Сіз біздің ақылшымыз әрі кеңес айтар, тәрбие беріп, бағыт-бағдар нұсқар асыл жансыз. Өзіңіз шаңырағымыздың берекесін кіргізіп, барша ұл-қыздарыңызға, немере, шөберелеріңіз бен шөпшектеріңізге бақыт сыйлап отырсыз! 

Сіздің тәліміңіз бен тәрбиеңізден көгерген ұрпағыңыз бүгінге айналасына абыройлы, елге сыйлы азаматтарға айналды. Дәйім көңіліңіз бай, жаныңыз сұлу болсын! Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз. 

* * *

Асыл әже! Бүгінге беліңіз қайысқанша еңбек етіп,  қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген ұл-қыздарыңыз, мейірім мен даналық нұрына бөлеп жеткізген немере-шөберелеріңіз өркен жайып, бір-бір шаңырақты биіке көтеріп, мәуелі бәйтеректей тамырын тереңге жайып, қара орманға айналды. 

Сіздің маңдай теріңіз бен аялы алақаныңыз бізді осы күнге жеткізді. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» — дейді. Алла сізге күш — қуат берсін! Ұл — қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!

* * *

Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын жетпіс бесің, Әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырығы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығың байқалған.
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, Әжетай, жасыңызға,
Отбасына қуаныш сыйлап талай,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!

* * *

Біздің бағамызды асырып, бақытымыздың бастауына сәуле сепкен асыл жан, тілеуқор қамқоршымыз, еркелігімізді көтерген, ақылымызға ақыл қосқан, жыраққа кетсем сағынышыма айналған асыл әжетайым! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! 

Көңілі кең, жүрегі мейірімге толы, кеудесі асыл қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнан айналдым!

Менің биікті бағындырғаным сіздің ғажап тілеуіңіздің құдіреті деп білемін. Ізгі жаныңыз барлық бақыттың бастауына, біздің қуанышымыздың қайнарына айналсын. Бізді мәпелеп, аялы алақаныңызбен бойымызға жылулық дарытып, еркелетіп, марқайтып, ортамызда жүре беріңіз. Сізді жанымдай жақсы көрем, асыл әжем! 

* * *

Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!

Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекең ұзағынан бола берсін,
Үй-ішің немере, шөбереге тола берсін!

* * *
Асыл әжем! Менің ақылшым, данам! Сіздің айтқан ертегіңіз бен берген тәліміңіз біздің өмірімізге азық болды. Сіздің саяңызда еркелеп, асыр салып, ештеңеден таршылық көрмей өстік. Сіздің бізге деген қамқорлығыңыз бен ерекше махаббатыңыз жанымызға жылылық ұялатып, биіктерге бастап келеді. Қуаныш, шаттығыңыз мәңгілік болсын. Жаныңыздай қымбат немерелеріңіздің ортасында құрметке бөленіп, жүзіңіз жадырап, көңіліңіз өрлеп жүре беріңіз!

Алла денсаулық пен көңіліңізге тоқтық, өміріңізге бақ-береке берсін. 

* * *
Әжеме айтар тілегім,
Құтты болсын туған күн.
Жанымызды тербеген,
Қызықты бұл думан күн

Ашық болсын аспаның
Аппақ нұрың себелеп.
Әжетайым асылым,
Жансың бізге ең керек.

Ғұмырыңыз ұзпқ боп,
Жастан жасқа жетіңіз.
Әжетайым гүл жанап,
Асулардан өтіңіз.

* * *

Әже, бүгінгі келіп жеткен туған күніңізбен құттықтаймыз! Ащысы мен тәттісі бірге жүретін өмірдің тәтті тұстарын көп сезіне беріңіз! Балаларыңыз аман болып, немерелеріңіздің қызығына тоймай, шөберенің тәтті қылықтарына тоймай жүзіңіз бал-бұл жанып жүре беріңіз Әжетай! Көзіңіздегі жас тек қуаныштың жасы болсын! Саулығыңыз мықты болып, жүз жасаңыз! Аспаныңыз ашық болып, жаздай жайнап жаныңыз, көктемдей гүл жайнап құлпыра беріңіз! Сізге бар жақсылықты тілейміз, Әжетай!
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.

* * *

ӘЖЕНІ САҒЫНУ

Сіз жамылған үйде тұр қара шапан,
Әже, оны сақтап жүр орап апам.
Жылағанда уанар немерелер,
Құшақтайды шапанды қарап ботам.

Алтын әже, қайдасың  батыр әже,
Бар бейнетті көтерген асыл әже.
Әке болып қалсақ та еркелеймін,
Ескерткіш бұл өлең ғасыр әже!

Күннің нұрын құй дейтін пейіліңе,
Қамқоршы бол бауырдың сүйеріне.
Мезгіл қатал әкетсе оралтпайды,
Түсімізге енесің мейірлене.

Сыны сұмдық жан едің жаратылған,
Аян беріп сездірер  дара тұлғаң
Елестесе қара тал бейіттегі,
Жас алады жанарға балаң жылдам.

Менің әжем – жарық күн жарқыраған,
Кимешегі  киемдей жалтыраған.
Әр адамның қамқоры – асыл әже,
Сағынамын әжемді арқалаған.

Жандос Мағзұмұлы

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар