Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ажалға бастаған бәсеке. 17 жастағы елордалық Есіл өзеніне батып кетті

16:20, 13 маусым 2024 764

Досымен бәсекелескен 17 жасар Есіл өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Астанада 17 жастағы жасөспірім өзенді жүзіп өтуге шешім қабылдаған. Бір өкінерлігі, азамат суға батып кетті. Астана ТЖД жағдайды егжей-тегжейлі айтып берді.

Қайғылы оқиға 12 маусымда Тарас Шевченко көшесінің жанында болды: екі жасөспірім келісіп, қайсысы өзенді тезірек жүзе алатынына таласқан, ақыр соңында біреуі қайтыс болды.

Кешке Астана ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың денесін судан шығарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар