Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айтбек Амангелді Шерзат сотында көрсете алмаған өте маңызды құжаттарды жарияламақ

12:30, 06 маусым 2025 2185

Айтбек Амангелді Шерзат соты аяқталғанша көрсете алмаған құжаттарды жарияламақ, деп хабарлайды ALASH.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол сот процесі жүріп жатқандықтан көп нәрсені айта алмағанын жеткізді.

“Біз өз тарапымыздан сот аяқталғаннан кейін бұл мәселеге қатысты өз ұстанымымызды нақтылайтынымызды мәлімдеген едік. Енді сот процесі аяқталғандықтан, біз бұрын көрсете алмаған барлық құжаттарды бірізді түрде жариялауымыз қажет", - деді ол.

Ол жәбірленуші тараппен мүдделес болғанымен, өздерінің екі бөлек жолды таңдағанын айтып қалды.

“Бұған дейін біз ешқандай құжатты жария түрде көрсете алмадық, әрі назарды басқа жаққа аударғымыз келмеді. Барлығымыздың мақсатымыз — Шерзаттың өлтірген қаскөйлерді жазалау. Бірақ оған жетудің жолдары әртүрлі", - деп жазды Айтбек.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар