Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айналайын қыздар. Құдай сақтасын, аянышты: Айнұр Жүгінісова қыздарға ашуланып ақыл айтты

18:19, 14 қаңтар 2025 239

Қоғам белсендісі, атақты Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова карьера қуған қыздарға ақыл айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

 «Карьерист қыздарға айтарым, бірінші айналайындар, карьера деген не? Жақсы шығар мүмкін. Карьера сізге жан тыныштығын сыйламайды. Осы нәрсені біліңіздер. Жан тыныштығы деген не? Ол сенің отауың, кішігірім Отаның. Өйткені, сен жұмыстан шаршап келген кезде, балаңды не немереңді иіскеген кезде, бүкіл шаршағаныңды ұмытып жатасың.

50-60-қа келіп, жалғызбасты болып отырған қанша қыздарымыз, қанша жігіттеріміз бар. Карьера деген сағым және бу. Атақты алдың, бір айға дейін оның қызығы бар шығар. Бір айдан кейін не істейсің? Ұмытасың. Ол саған абырой, бақыт әкелмейді, есіңізде болсын. Оны кейін білесің.

Бір балаға чупа-чупс беріп, алдап қояды ғой баланы. Сол сияқты нәрсе екен. Чупа- чупсті жеп қойғаннан кейін, жоқ қой чупа-чупс. Сол сияқты атақты да аласың, жарайды «Халық қаһарманы».

Біреулер айтады, мәә, мынау атақты, жарайды ол атақты да болуы мүмкін. Егер сен еңбегің сіңіп, дұрыс, өз жолымен, әр нәрсені өз жөнімен әкеліп жатсаң, оның өзі де жарасымды шығар. Тек қана өміріңді бір чупа-чупсқа арнап жіберу, қиын ғой, аянышты, құдай сақтасын. Ал, бақыт дегенің жарыңның қасында жатып, бала-шағаңды иіскеп, солармен бірге, солардың өсіп-өнгенін көріп, бір дастарханда отырып, солардың немере-шөберелерін иіскеп отыру, міне баға жетпес бақыт та!», — деді  Айнұр Жүгінісова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар