Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Айгүл Иманбаева келінін тәрбиелегісі келетін енелерге ақыл айтты

16:23, 28 тамыз 2024 824

Айгүл Иманбаева енелерге ақыл айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Өнер иесі келін түсіріп, немерелі болғанын сүйіншілеген еді. 

“Мен сахнада бетімді бояп, жылтырап, әнін салып, той-томалағына барып, сүтке шомылып жүр деп ойламаңыздар. Өнерімізбен қоса менің енелік жолым, әжелік жолым бір бөлек. Күнде қасында отырып, бесік жырын айтып отырмын деп айта алмаймын. Өйткені менің ұстаздығым, өнерім, басшылығым бөлек. Бір басымда 1040 жұмысым бар. Соған байланысты қасында күнде отырамын деп айта алмаймын. Дегенмен де үйге келгенде немеренің иісін сезіну, қылығының тәттілігін көру бір бөлек. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – деді өнер иесі. 

Сондай-ақ эстрада жұлдызы келін мен ене тақырыбын қозғап, үндеу жасады. 

“Ең бақытты сәт осы емес пе?! Әр анаға әже бақыты бұйырсын. Келін тәрбиелеймін, немере тәрбиелеймін деп алыспағандарыңыз жөн. Өзіңді тәрбиелеңіз. Келін сол көргенді істейді. Немере де сондай. Жүрегіңде жылулық болса, түйген ойың болса соны немере де бойына сіңіреді. Бар болғаны махаббатыңызды аямай беру керек», – деді эстрада жұлдызы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар