Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әйелдің екеу болғаны жақсы": Танымал коуч имамдар туралы бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)

16:31, 17 қыркүйек 2025 117

Танымал блогер, коуч Роза Әшірбаева желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, екі әйел алғысы келетін ер адамдарға үндеу жасады, деп жазады Alash.kz.

Блогердің Instagram желісіне жариялаған видеосында бірнеше уағызшы имамдардың қатар тұрып тілек айтып тұрғанын байқауға болады. Олар Қабылбек Әліпбайұлы, Еркін Әміре, Арман Қуанышбаев сынды азаматтар. 

"Машинаның да екеу болғаны жақсы. Үйдің де екеу болғаны жақсы. Сол сияқты, қатынның да екеу болғаны жақсы. Өзі негізі қай нәрсенің де көп болғаны жақсы ғой. Малдың да көбі жақсы, ақшаның да көбі жақсы. Сол секілді жігіттерге де айтып жатқаным ғой, қатынның да көбі жақсы", – деп имам әзіл-шынын араластырып көпшілік алдында сөз сөйледі. 

Осы бір сөзден кейін Роза Әшірбаева жауап қатты.

"Не нәрсенің де екеу болғаны жақсы ғой. Бірақ Қазақстанда еркектер мұны "екі әйел" деп түсінсе, әйелдер "екі білім" деп түсінеді. Статистикаға мән берсек, елімізде екі білімі бар әйелдердің саны еркектерден әлдеқайда көбірек. Шет тілін меңгерген, спортқа құлшынысы бар әйелдер көп. Жігіттер, сіздерге ойлану керек", – деді Роза Әшірбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар