Алматыда жас қыз көпқабатты тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлап кете жаздаған, деп хабарлайды Alash.kz.
Әлеуметтік желіде бұл оқиғаға байланысты үрейлі видео тарады.
Бейнежазбада қыз адамның тұрғын үй кешенінің төртінші қабатындағы терезеге шығып, жіңішке темірге ілініп тұрғаны көрінеді.
Абырой болғанда, бойжеткен аман қалып, қазіргі жағдайы жақсы екені белгілі болды. Полицияның мәліметінше, оқиға жалдамалы пәтерде орын алған, ал қыздың мас күйде болғаны анықталған. Енді ол заң бойынша айыппұл төлеуге міндетті.
«Учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына жедел жетіп, болған жайтты тіркеді. Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.