Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әйел өзін әбден ұрып, теуіп тастаған күйеуін сот залында кешіре салды

11:13, 20 тамыз 2024 336

Күйеуінен талай жыл зәбір көрген әйел сотта күйеуін кешіре салды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Жантүршігерлік оқиға 17 шілдеде болған.

Күйеуі үйде әйелін әбден ұрып, артынша тепкілегені анықталды.

Сот сараптама қорытындысынан кейін күйеуін кінәлі деп тапты. 

«Сотта тараптардың татуласуына байланысты бұл қылмыстық іс тоқтатылды. Алайда сот қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында оны қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде 6 ай мерзімге арнайы талаптар белгіледі», – деп мәлімдеді Тарбағатай аудандық сотының баспасөз қызметі.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар