Өзбекстан тұрғыны екі қызды жыныстық құлдыққа сатпақ болған, деп хабарлайды Alash.kz.
Ішкі істер органдары арнайы жедел іс-шара өткізді. Оның барысында Ташкент қаласындағы Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежай аумағында Ташкент облысының Нурафшан қаласының 1999 жылы туған тұрғыны ұсталды.
Ол екі қызды Түркияға жібермек болған.
Қаскөй 21 жастағы екі азаматшаға – Бекабад қаласы мен Ортачирчик ауданының тұрғындарына Түркиядан жақсы табыс табуға уәде берген.
Алайда шын мәнінде оларды интимдік қызмет көрсету саласына жұмысқа орналастыруды жоспарлаған.
Бұл үшін ол қылмыстық сыбайластарынан ақшалай сыйақы алуы тиіс болған.
Аталған факті бойынша Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің “Адам саудасы” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Әйел 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.