Қазақ боксшысы Аида Әбікеева Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында финалда жұдырықтасты, деп хабарлайды Alash.kz.
65 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Әбікеева өзбек спортшысы Навбахор Хамидовамен кездесті. Нәтижесінде Аида Әбікеева 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетсек, Аида Әбікеева биыл жыл басында Сербияда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған еді.