Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Аяқтан шалушылар көп… Бәрін де мойындатты”: Наркенже Серікбаева Мақпал Жүнісова жайлы айтты

14:41, 22 шілде 2026

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева желідегі парақшасында Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісоваға арнап жүрекжарды жазба жариялап, өнердегі әпкесіне деген ерекше құрметі мен ықыласын білдірді, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі Мақпал Жүнісованы қазақ өнерінің дара тұлғаларының бірі деп атап, оның шынайы мінезі, қайсарлығы мен өмір жолына тәнті екенін жеткізді.

"Қазақтай қасиетті елдің бағына біткен өнерпаздар аса көп емес. Солардың бірі де бірегейі - Мақпал Жүнісова апам деп білемін. Аңқылдаған, жарқылдаған жаны жайсаң жан. Елден еркелігін де, мінезін де жасырған емес. Қалай бар, солай жүреді. Еркіндік бар. Шындықты бетке айтатын қаймықпас қайсар мінезіне тәнтімін. Өмірде қанша қиындық көрсе де еңсеріп, теңселіп көрмеген, тірліктің тезіне шыдаған текті адам ғой. Өнердегі жолы өзгеше болған соң да бұл кісіні аяқтан шалушылар көп болды. Бекзат  болмысымен, өр рухымен бәрін де мойындатқан тұлға. Қамыққанда, жабыққанда әнмен жұбанатын жан мұңымыз, тағдырымыз ұқсас… Өзіңізді, өнеріңізді шексіз құрметтеймін, әпке! Алаштың аялы алақанында аман жүріңіз!", - деп жазды ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар