Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аяғымнан шалғысы келгендер заң алдында жауап бересіңдер - АЙГҮЛ ОРЫНБЕК

10:31, 30 қазан 2024 4359

Заңгер Айгүл Орынбек өзіне жабылған жала туралы жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол бұл туралы өзінің facebook парақшасында жазды.

Сыбайласқан жемқорлықпен күрес жолында кедергілер мен жала жабу болады!

Жемқорлар мен сыбайласқандар өздерінің қылмыстары ашылмас үшін бәріне баратыны белгілі емес пе?!

Қоғам белсендісі болған күннен бастап, маған жала мен  қаншама қылмыстық іс ашылып, қылмыстың құрамы болмаған соң жабылған!

Шыны керек басымнан өтіп жатқан қылмыстық  істердің, соттардың  бірде біреуін халықпен бөліспегем. 

Ел алдында жүрген соң,  әр ашылған іске сорам ағып жылап жүрсем, халықтың болашаққа деген үміті үзіледі  емес пе?

Мен өзімнің жасаған әрбір іс-әрекетім заңды екеніне  нық сенімдімін!

Реформа болу үшін әрекет болу керек, ол әрекеттер кедергісіз болмайды.

Осыншама халықтың, мені қолдағанын  оқып қуанып отырмын.   

Мені қолдауға  жиналудың қажеті жоқ, мен де бәрі жақсы. 
Арқамда мен үшін жиналатын бір қауым ел барына көздерің жетті ма?!

Маған қатысты заңсыз іс -әрекет жасағандар, аяғымнан шалғысы келгендер, жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап бересіңдер!

 Өмір -күрес, күрес арқарай жалғасады!”,-деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар