Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов денсаулығына қатысты мән-жаймен бөлісті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Азия чемпионатында рингке шығардың алдында бес минут бұрын жарақат алдым. Шегінуге жол жоқ, шаршы алаңға ауырсынуды басатын мазь жағып, жарақатпен шықтым. Сол себепті өзім ойлағандай ойын өрнегін көрсете алмадым. Елге оралған соң МРТ-ға түсірсек, аяғымның екі жерінең сіңірі жыртылып кеткенін анықтадық. Сондықтан аяғыма операция жасаттым. Енді бір немесе бір жарым ай көлемінде қайтадан жаттығуды бастаймын», - деді Бибосынов 1Bol сайтына берген сұхбатында.