Мәскеуде қатты дауыл тұрып, жан шығыны болды. Қатты соққан дауылдың салдарынан бір адам қаза тауып, кем дегенде 14 адам зардап шекті. Қаланың бірнеше аймағында құйын жүйіткіді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Мәскеуде қатты жаңбыр мен дауылдың салдарынан ауа-райының "қызғылт сары" деңгейі жарияланды. Қала билігі барлық саябақтарды жауып, мәскеуліктерді мүмкіндігінше сыртқа шықпауға шақырып жатыр.
Мәскеудің солтүстігіндегі Дубки саябағында ағаш сынып, ер адамның үстіне құлады. Тұрғын жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, деп хабарлайды Ресей ТАСС Төтенше жағдайлар қызметінде.
"112" телеграм-арнасы ауа-райының қолайсыздығынан кем дегенде 14 адам зардап шеккені туралы хабарлады.