Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ағайынды өрендер қоржынға жүлде салды

18:15, 03 шілде 2022 252
Жуырда Алматы қаласында КСРО-ның және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Әлімқұл Бүркітбаевты еске алуға арналған балалар мен жасөспірімдер арасында бокстан халықаралық турнир өтті.



Маусымның 22-26 аралығында өткен додада еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар, сонымен қатар көршілес Ресей, Тәжікстан мемлекеттерінен де ат терлетіп келген 400-ге жуық спортшы 24 салмақта сайысқа түсті.

«Бұл турнирдің мақсаты – балаларды, жасөспірімдерді спортқа баулу, бокс саласын дамыту, ертең халықаралық аренаға шығаратын қазақ балаларды дайындау. Әлімқұл ағай өзі 52 келі салмақта өнер көрсеткен, сондықтан осы салмақта арнайы жүлде сыйлығымыз болды. Бір сөзбен айтқанда, мақсатымыз – Әлімқұл ағайымыздың ізін жалғастыру», – деді турнирді ұйымдастырушылардың бірі Дархан Мыңтаев.



24 салмақ бойынша сайысқа түскен бокшыларымыз 17 салмақ бойынша қоржынға жүлде салды.

Бахар кәсіби спорт мектебінің түлектері де жүлделі орындар иеленді. Мұрат Беширов жаттықтыратын ағайынды өрендер Аслан Алмасұлы Мырзағали 2009-2010 жылы туғандар арасында 58 келі салмақта қола жүлде алса, Тельман Алмасұлы Мырзағали 22 келі салмақта (2013-2014 жылғылар) алтын жүлде жеңіп алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар