Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Адамдарды жеткізе бастаймыз”. Илон Маск адамдардың қашан Марсқа баратынын айтты

15:03, 15 наурыз 2025 340

Америкалықә кәсіпкер және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск адам тәрізді Optimus роботының Марсқа қашан ұшатынын мәлімдеді. Айтуынша, тіпті адамның Марсқа ұшатын уақыты да шамамен белгілі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, деп жазды  Alash.kz ұлттық порталы.

Маск 15 наурызда Х әлеуметтік желісінде адамзаттың ғарышты жаулап алу жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, Марсты игеру туралы арманның орындалуына небәрі екі қадам мен бірнеше жыл қалды.

"Ғарыш кемесі келесі жылдың соңында Марсқа ұшады, бортында Optimus болады. Егер қону сәтті болса, онда адамдарды жеткізу 2029 жылы басталуы мүмкін. Дегенмен 2031 жылы болуы да мүмкін", – деді Маск.

Optimus роботының адаммен максималды ұқсастығы бар және оны нейрондық желілер басқарады. Әзірлеушілердің айтуынша, ол тіпті үй шаруашылығын жүргізе алады. Сонымен қатар жақында тұрақты қозғалысқа үйретілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар