Алматы облысының полиция департаменті хуторлық Хасан Қасымбаевқа қатысты бір ғана қылмыстық іс қаралып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
— Хасан Қасымбаевқа қатысты бір қылмыстық істі қарау тоқтатылған. Оған қатысты адам денсаулығына ауыр зиян келтірді деген іс қаралып жатқан жоқ, делінген материалда.
Алматы облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растамады. Олар ақпаратты алғаш болып таратқан БАҚ деректі дұрыс түсінбей қалғандарын жеткізді.
— Аталған тұлғаға (Хасан Қасымбаевқа) қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін іс материалдары тараптарға танысу үшін беріледі. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды, дейді облыстық ПД өкілдері Ulysmedia.kz тілшісіне берген жауабында.