Жамбыл облысында адам шошырлық оқиға болды. Полиция қыз баланы топтасып зорлады деген күдікпен кәмелетке толмаған үш адамды анықтады, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді:
«Аталмыш фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі «Кәмелетке толмағанға қатысты бір топ адам жасаған зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында үш жасөспірім күдікті анықталып, ұсталды. Олардың екеуіне қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын, ал үшіншісіне жеке кепілдікті таңдады».
Полиция қылмыстық істі тергеуді аяқтады, ол тараптардың танысу сатысында.
Осыдан кейін қылмыстық іс прокуратураға, ары қарай сотқа жіберіледі.