Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Адам қайтыс болғанда несие жойыла ма? Не істеу керек?»: Маңызды талаптар белгілі болды

10:58, 08 қазан 2026

Қарыз алушы өмірден өткен жағдайда оның банктегі несиелік міндеттемесі өздігінен жойылып кетпейді, деп хабарлайды Alash.kz.

Сонымен қатар, берешек марқұмның балаларына немесе туысқандарына бірден жүктелмейді. Еліміздің Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес, марқұмның мойнындағы қарыздар мұраның құрамына енеді. Осы орайда мұрагерлік құқықты қабылдаған азамат қайтыс болған адамнан өзіне тиген мүліктің нақты нарықтық құны шегінде гана жауапкершілік арқалайды. Мысалы, егер мұрагерге 5 миллион теңгенің мүлкі қалып, ал марқұмның несиесі 8 миллион теңгені құраса, банктің қалған 3 миллион теңгені мұрагердің өз қалтасынан талап етуге құқығы жоқ.

Егер азамат мұраны қабылдаудан ресми түрде бас тартса, оған марқұмның қарыздарын өтеу міндеті жүктелмейді. Бұдан бөлек, несие шарты сақтандырылған болып, азаматтың өлімі сақтандыру жағдайына жатса, берешекті сақтандыру ұйымы өтеп беруі ықтимал. Ол үшін арнайы жасалған шарттың талаптарымен мұқият танысқан абзал. Осыған байланысты, несиесі бар жақын адамы қайтыс болған жағдайда, алдымен нотариат арқылы мұра көлемі мен міндеттемелерді анықтап, кейін банкке және сақтандыру мекемесіне ресми түрде хабарласу ұсынылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар