Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Абзал Шерзатты пышақтады: Марқұм Нұрқанаттың берген жауабы Шынасыл Абзалдың берген жауабымен сай келмейді

15:00, 21 мамыр 2025 174

16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында басты күдікті Абзал Шынасылдың жауабы марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезінде берген жауабымен сәйкес келмейді,деп хабарлайды ALASH.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Нұрқанат Ғайыпбаевтың айтуынша, сол оқиға кезінде Абзалдың қолында пышақ болған және ол өзінің де өміріне қауіп төндірген.

«Абзалдың қолында пышақ болды. Ол маған бір-екі рет сермеді. Киімім жыртылды. Сол сәтте артымнан Шерзат келіп, «Нұрқанат аға, қашайық» деді. Мен оған «қаша бер» дедім. Сол кезде Абзал Шерзатқа қарай ұмтылды. Пышақты бірінші болып Шерзатқа сұқты. Шерзат «Нұрқанат аға, маған бірдеңе тығып алды» деп жан даусымен айқайлады. Мен оларға «жас бала ғой, 16 жастағы баланы ұруға келдіңдер ме?» дедім», – деді марқұм Ғайыпбаев тергеу кезінде.

Нұрқанаттың айтуынша, Шерзатқа сұғылған пышақ терең кірген, оның аузынан қан ағып, жағдайы ауыр болған.

«Мен бір қарағанда Нұрқиястың қолында мылтық, Абзалдың қолында пышақ болды. Екеуі маған қарай ұмтылды. Артынан 7-8 бала бізге қарай келе жатты. Мен Шерзатты құшақтап алып бара жатқанда, оның маңдайынан ұрып, артымнан пышақ сұғылды. Қалғаны видеоларда анық көрініп тұр», – деген Нұрқанат Ғайыпбаев.

Сотта бұл жауапқа қатысты Абзал Шынасыл тергеу барысында келіспейтінін айтқан. Ол өзінің әрекетін өзгеше сипаттап, кінәні жартылай ғана мойындап отыр.

Абзал Шынасыл сотта Нұрқанат Ғайыпбаев өзіне пышақты барлығы салғанын айтты деп отыр. Шынсалдың айтуынша, Шерзат пышақталып, құлаған сәтте қасында тек Нұрқанат болған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар