Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды - Қ.Иса

07:45, 25 қаңтар 2023 227
Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса бұрынғы әріптесі Азамат Әбілдаевтың мәлімдемелері партияға ғана емес, еліміздің аумақтық тұтастығына қауіп төндіретінін айтты.

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
«Оның қазір істеп жатқан әрекеті тек біздің партияға ғана емес, еліміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған. Оны бірден Ресейдің шовинистік арналарына шақырып, «қаһарман» етеміз деп жанталасып жатқаны мұның жай әңгіме емес екенін дәлелдейді. Орыстың басқыншылығын «арнайы операция» деп атап, көрші елдің жаттанды ұранын айту – өзге елдің депутатына, сонымен қатар партияның ұстанымына ешбір сай келмейді» деді Қазыбек Иса.

 

Ол Әбілдаевтың «Қазақстан Ресейсіз өмір сүре алмайды» деген сөзі ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндіреді деп есептейді. Оның артында арнайы қызмет болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
«Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды. Украинада мұндай ресейшіл депутаттар блок құрды, олардың мақсаты парламентті басып алу, басқыншылар келгенде Ресейге саяси қолдау көрсету болды. Осындай қауіптің басталғанын сезген бойда «Ақ жол» партиясы оны бірден партия мен парламенттен шығарып жіберді, мұндай әрекеттерге жол бермейтінімізді айттық» деп жазды ол.

Еске салсақ, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының бұрынғы депутаты Азамат Әбілдаев Украинадағы әскери қақтығыс туралы мәлімдемесі үшін оның құрамынан шығарылған болатын.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар