"Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Семейде Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Абай облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиналысына қатысты.
Ол депутаттарға Абай облысының әкімі лауазымына үміткерлер - Уранхаев Нұрлан Тельманұлы мен Смаилов Асхат Сайдахметұлын қарастыру жөніндегі Мемлекет басшысының хатын оқып берді.
Ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смаловты қолдады, 89 депутат Нұрлан Уранхаевқа дауыс берген.