Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

9 мамыр күні Маңғыстауда 29 жастағы ер адам 8-сынып оқушысын зорлаған

10 мамыр 2024 548

9 мамыр күні Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол 14 жастағы қызын Daewoo Nexia көлігіндегі ер адам жеткізіп тастағанын айтты. Оның айтуынша, түнгі сағат үштер шамасында Басқұдық ауылының маңында 29 жастағы жүргізуші 8-сынып оқушысын зорлаған.Бұл туралы Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі "кәмелетке толмаған баланы зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Талдықорған полиция басқармасының экс-басшысы Марат Күштібаевтың қыз зорлағаны үшін 11 жылға сотталғаны хабарланған болатын. Бұрынғы полиция қызметкері қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы "қызметтік міндеттерін атқара отырып, жәбірленушіге күш қолданып зорлау" бойынша кінәлі деп танылды. Қылмыс 2023 жылдың 12 қарашасында болған. Күштібаев қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы бола тұра, өз кабинетінде 27 жастағы қызды зорлаған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?